Профессор атағын алу – ғылыми еңбектің жоғары бағасы!

  • 24.06.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 32

«АИБД ҰҒПО» РММ Галия Аскербекқызы Абаеваны профессор ғылыми атағының берілуімен құттықтайды. ✍Бұл – отандық ғылым мен арнайы педагогиканы дамытуға бағытталған көпжылдық, жүйелі әрі терең мазмұнды еңбектің нәтижесі, ғылыми және кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейін айқындайтын лайықты марапат деп білеміз.
2016–2020 жылдар аралығында Галия Аскербекқызының жетекшілігімен Орталық ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру саласының жүйелі дамуын қамтамасыз етті.
Сондай-ақ ғалымның тифлопедагогиканы дамытуға қосқан үлесі аса маңызды.
Оның бастамасымен көру қабілеті бұзылған білім алушыларға арналған Брайль жүйесі бойынша бейімделген оқулықтар мен әдістемелік құралдарды әзірлеуге бағытталған жобалар ғылыми негізделіп, табысты жүзеге асырылды.
Орталық ұжымы еліміздің арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыс білдіреді.
Алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби табандылық тілейміз!