Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ережемен таныстыру жұмыстары
Орталықта қызметкерлерге жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру шарасы өткізілді. Комплаенс-офицер Б.А. Кадыров ұжымға «Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал заңбұзушылықтар туралы хабарлау тәртібі» туралы Ережені таныстырды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі қағидалары, этика нормалары және еңбек ортасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары талқыланды.