2022 жылдың желтоқсан айының 28 жұлдызы, сағат 11:00-де «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту» тақырыпта жылдық қорытынды брифингі өтті.
Брифингтың негізгі мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балалардың арнайы және инклюзивті білім алуының өзекті мәселелерін талқылау, арнайы білім беру үшін педагог кадрлар даярлау, білім беру қызметтерінің сапасын қорытындылау мәселелері.
2022 жылы АИБД ҰҒПО-да «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты педагогтардың республикалық тамыз конференциясының пленарлық секциялық отырысын өткізді. Орталықтың 30 жылдығына орай арнайы және инклюзивті білім беруде әлемдік деңгейдегі 23 сарапшылардың, жалпы жиыны отандық ғалымдармен қосқанда 35 спикердің қатысуымен «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқу процессіне енгізу: тарихы, мәселелері және даму болашағы» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды. Халықаралық конференция барысында 267 ғылыми мақала түсіп, оның 116-сы арнайы электронды жинаққа енді.
Сонымен қатар Орталықтың бастамасымен «e-Ymdau» тілі бойынша бейне сөздік әзірленді. «e-Ymdau» бейне сөздігінің атауының өзі сөзбе-сөз электронды қимыл деп аударылады. Қазақстанда қолданылатын ым-ишараларды белгілеудің бірлігін көрсетеді. Бейне сөздікті әзірлеу есту қабілетінің бұзылыстары бар балалармен және ересектермен практикалық жұмыста мол тәжірибесі бар ымдау тілінің мамандарының, аудармашыларының белсенді қатысуының арқасында жүзеге асты: Преображенская Наталья Юрьевна , Рыжая Елена Владимировна, Нигматулина Екатерина Мустафаевна, Кемпирбаева Лола Бахтияровна. Сондай-ақ Ахметтаева Каира Диасовича жетекшілігімен бейне сөздіктің электрондық нұсқасын әзірленді. Бейне сөздіктің сапалық сипаттамалары: ыңғайлылық, тиімділік, ұтқырлық әрі қолжетімділікке ие. Атап өтерлігі, «Арнайы мектептердегі оқу-тәрбие процесінде «e-Ymdau» тілінің бейне сөздігін қолдану» әдістемелік ұсынымдарын Баймуратова Алуа Төлегенқызы (ИАО әдіскері, аға ғылыми қызметкер, пед. кандидаты) әзірледі.
✅Сондай-ақ, Орталықтың аға ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейсенова Алмагуль Дәулетқазықызы «Арнайы және инклюзивті білім беру салаларындағы ресми атаулар мен олардың қазақ және орыс тілдеріндегі баламалары» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстың нәтижесінде қол жеткен сөздік материалдар дайындады. Арнайы және инклюзивті білім беру салаларындағы ресми атаулар мен ұғымдардың ерекшеліктері, оларды қолдану заңдылықтары, бұл бірліктердің қазақ және орыс тілдеріндегі баламаларын зерттеуге арналған.