Баспасөз релизі

  • 14.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 199

«Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ 2023 жылдың 17 сәуірінен 27 сәуір аралығында өткізілетін іс-шараларды жоспарлау туралы хабарлайды.

2023 жылдың 17 сәуірінен 27 сәуірге дейін тифлопедагогтар мен арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері үшін «Білім берудің түрлі жағдайларында көру қабілетінің бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.

Курстардың негізгі мақсаты – тыңдаушыларды білім берудің түрлі жағдайларында көру қабілетінің бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындау.

Біліктілікті арттыру курстары келесідей міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаттарын зерделеу;

- көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларда ерекше білім беру қажеттіліктері және оларды қанағаттандыру шарттары туралы түсінік қалыптастыру;

- тәрбиеленушілердің көру қабілетін ескере отырып, көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларды сараланған оқытудың педагогикалық технологияларымен таныстыру;

- оқу бағдарламаларын бейімдеу (қысқарту) және жеке оқу бағдарламаларын құрастыру тәсілдерімен таныстыру.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар:

- Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының мәнін; мектеп жасына дейінгі көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларды дамытудың психофизикалық ерекшеліктерін; психологиялық-педагогикалық қолдау процесінің негізгі компоненттерін және оны ұйымдастыру негіздерін біледі;

- көру қабілетінің бұзылыстары бар тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктерінің ерекшелігіне сәйкес педагогикалық процесті жобалау, жоспарлау кезінде теориялық білімді қолдана алады, білім беру процесінің барлық қатысушылары тарапынан баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың бағыттары мен мазмұнын жоспарлау кезінде командалық тәсілді қолдана алады.