«Жалпыұлттық басымдықтар: сапалы білім барлығына қолжетімді» дөңгелек үстелі өтті
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ-мен бірлесіп арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері, логопедтері мен дефектологтары үшін «Жалпыұлттық басымдықтар: сапалы білім беру барлығына қолжетімді» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел екі бөлімнен пленарлық және практикалық тұрды.
Пленарлық бөлімде «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының, облыстық ПМПК, «Ақ ниет» мектеп-интернатының өкілдері сөз сөйледі.
Практикалық жұмыс барысында «Ақ ниет» мектеп-интернаты, №2 арнайы мектеп-интернат, №8 арнайы мектеп-интернаты, Негізгі орта мектеп-интернаты және Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығының мамандары арнайы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін арнайы жағдайлар жасау, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөнінде өз іс-тәжірибелерін көрсетті.
Іс-шара соңында «Ақ ниет» мектеп-интернаты бойынша экскурсия өткізіліп, кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап алып, арнайы білім беру ұйымдары педагогтерінің жұмысының өзекті мәселелері көтерілді, сондай-ақ 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары талқыланды. Өткізілген іс-шараның маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шараға облыстың арнайы білім беру ұйымдарының 30-дан астам педагогі қатысып, әдістемелік ұсыныстар алды.