«Е-ымдау» бейне сөздігін талқылау

  • 12.12.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 136

12.12.2023 ж. АИБД ҰҒПО базасында есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептердің мамандарымен online дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның талқылау тақырыбы АИБД ҰҒПО әзірлеген және Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Е-ымдау тілінің бейне сөздігі» болды. 
Дөңгелек үстелдің модераторы әдіснама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Елисеева И.Г. болды. Талқылау барысында СҚО, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының, Шымкент және Алматы қалаларының арнайы мектептерінің сурдопедагогтерінен бейне сөздікке қатысты пікірлері тыңдалды. 
Әріптестер «Бейне сөздікті» қолдану тәжірибесімен бөлісіп, «Е-ымдау» жұмысын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар мен ескертулер берді. Қатысушылардың сұрақтарына И.Г. Елисеева және ақпараттық талдау және қамтамасыз ету бөлімінің маманы Д. Х. Култаев жауап берді.