Жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр
АИБД ҰҒПО РММ-де 11 желтоқсаннан бастап жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттеріне арналған «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагог-ассистенттің қолдауы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр.
Білім беру инклюзивті практикасы жағдайында педагог-ассистенттің қызметтері – ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға білім беру үдерісіне қатысуға көмектесу, мектеп ережелерін сақтауға үйрету, құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың мінез-құлық ерекшеліктерін реттеу өте маңызды.
Біліктілікті арттыру курсының мақсаты – тыңдаушыларды жалпы білім беретін мектепте мінез-құлығы бұзылыстары бар балаларды жеке қолдау дағдыларымен және әдіснамалық, технологиялық және әдістемелік білімдерімен қаруландыру.