Мүмкіндігі шектеулі балаларда қолдың ұсақ моторикасын дамыту жолдары

  • 10.05.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 113

Күнделікті өмірде ұсақ қол моторикасын дамыту баланың зейінін, сөйлеу тілін дамытады. Сонымен қатар баланың қимыл үйлесімділігі шыңдала түсіп, бала өз әрекетін жоспарлай алады. Ұсақ қол моторикасын дамыту үшін күнделікті өмірде қолданылатын дағдыларды алған дұрыс, мысалы, ұсақ түймелерді құтыға жинау, моншақ тізу, түйме түймелеу, бау байлау, кесте тігу т.б.
 
Қолдың ұсақ моторкасын дамыту кезеңдері:
- Туғаннан бастап заттар рефлекторлы түрде ұсталады.
- 3 айда бала заттарға қолын созады.
- Үш айдан бастап заттарды саналы түрде ұстайды.
- 3 айдан бастап екі тұтқасы бар заттарды алады.
- Бес айында бір қолмен заттарды ұстайды.
- 6 айдан бастап заттарға әдейі талпынады.
- Затқа қолын созып, оны ұстап, аузына салады.
- Затты әдейі береді.
- Бас бармақ пен сұқ саусақпен затты қалай ұстау керектігін біледі.
- Затты екі саусақпен алады.
- Заттарды бір қолынан екіншісіне ауыстыра алады.
- Ойыншықтарды көтеріп лақтырады.