ППТК және оңалту орталықтарының психологтары мен дефектологтарына арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды
27 ақпан күні «АИБД ҰҒПО» РММ-де ППТК және оңалту орталықтарының психологтары мен дефектологтарына арналған «Қарым-қатынас жасауда және әлеуметтік өзара әрекеттесуде бұзылыстары немесе қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек» біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Курстың бағдарламасы аутистік спектрдегі бұзылыстары бар (АСБ) балалардың бұзылыстарын диагностикалау және түзетудің ғылыми-негізделген заманауи әдістерін қамтыды. Педагогтер АСБ бар балалармен жұмыстың стратегияларын, психологиялық-педагогикалық әдістерді және жеке-дамытушы бағдарламаларды (ЖДБ) жасау бойынша ұсыныстарды ұсынды.
Тыңдаушылар оқытушылар мен ұйымдастырушыларға құнды білімдері мен практикалық дағдылары үшін алғыстарын білдірді.