Есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арналған жаңа бөлімшенің ашылуы
13.06.2025
ННПЦ РСИО
30
✍2025 жылдың 13 маусым күні ӘБЕО Орталығы есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арналған дамыта оқыту бөлімшесінің ашылуына орай ресми іс-шара өткізді.
Іс-шараға Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары және орталық директорының міндетін атқарушы Т.Н. Керимбекова қатысты.
ӘБЕО Орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.А. Сулейменова ӘБЕО Орталығының тарихы мен орталық жүйесіндегі жұмыс қағидаттары туралы баяндады.
Іс-шара өте мазмұнды өтті. Қатысушылар өзара пікір, тәжірибе және идеялармен алмасты.
Шара соңында қатысушылар сурдология, неврология, сервис қызметі және дамыта оқыту бөлімшелерімен танысып, экскурсия жасалды.
Бұл — барлық балалар үшін қолжетімді әрі сапалы білім беруді дамыту жолындағы маңызды қадам.