Сұрақ №16

  • 15.08.2020
  • ННПЦ РСИО
  • 624

Сұрақ: 
Сәлеметсіз бе! Сізден инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мәселесі бойынша түсінік беруді сұраймын, атап айтқанда: 1. Егер сыныпта инклюзивті бала болса, сынып жетекшісінде қандай құжаттама болуы тиіс? 2. Инклюзивті сыныпта сабақ беретін педагогта қандай құжаттама болуы тиіс. Бұл мәселелердің барлығы ПМПК шешімі бойынша жалпы білім беретін мектепте оқуы тиіс және дамуында аса ауытқулары жоқ (есту, көру қабілетінің бұзылуы, ақыл-ой кемістігі және т.б.) балаларға қатысты. 26.01.2018 ж. №32 бұйрықтың «Орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің жекелеген санаттары жүргізу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін анықтау туралы» деген қосымшасында құжаттар тізбесі бар, бірақ онда дәл инклюзив бойынша қандай құжаттарды жүргізу қажет екендігі айтылмаған. Инклюзивті баламен жұмыс істеу кезінде сынып жетекшісі мен педагогтың қызметін реттейтін қандай да бір құжат бар ма? Жауабыңызға алғысымды білдіремін. 
 
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде (оның ішінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) оқу процесін ұйымдастыру туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хатында танысуға болады. Жинаққа 2019-2020 оқу жылында ҚР білім беру ұйымдарының мектепалды және 1-11 сыныптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша материалдар кіреді. Осы хаттың «Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беру ұйымдарында оқыту ерекшеліктері» деген 12-бөлімінде нормативтік-құқықтық құжаттар тізбесімен таныса аласыз. Құжатта ҚР БҒМ «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ММ ғылыми қызметкерлері әзірлеген және сайтта орналастырылған «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» әдістемелік ұсынымдарына сілтеме берілген. http://special-edu.kz/.
Әдістемелік ұсынымдарға жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу тәжірибесін дамыту үшін негіз болып табылатын ақпарат енгізілген. Әдістемелік ұсынымдарда ұсынылған материалдар ҚР жалпы білім беретін мектептерінің жұмысында сынақтан өткізілді және еліміздің жалпы білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық базаға бағытталған.
Әдістемелік ұсынымдарда жалпы білім берудің инклюзивтілік айқындамаларының  мазмұны ашылды, мектеп оқушыларын оқытудағы қиындықтардың себептері және соның салдарынан пайда болатын ерекше білім беру қажеттіліктері сипатталды, ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау алгоритмі сипатталды, оқу процесінде білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны мен тәсілдері анықталды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған жеке және қысқартылған оқу бағдарламаларын жасауға ұсынымдар берілді. Қосымшаларда сүйемелдеу мамандары құжаттамаларының нысандары мен үлгілері ұсынылған.