СҰРАҚ: Сұрақ ППТК-дегі педагог-психолог, педагог-логопедтер, дефектологтар, ЕДШ нұсқаушыларының мәртебесіне қатысты. Бұл кабинеттер сіздің ведомствоның қай бөлімшесіне жатады? Олардың жұмыстарын қай нормативтік актілер реттейді? Бұл кабинеттердің педагогтарын жалақыны көтеру бойынша үкімет жариялаған барлық шаралар неге айналып өтеді және оларға санаттар үшін неге төленбейді? Бұл мамандардың ерекше контингенті мен жұмысын ескергенде, өте түсініксіз. Мәселен, 1-санатты педагог-психологтың жалақысы 75 мың теңгеден кем. Оның ішінде санаты үшін қосымша ақы 3000 теңге. Сонымен қатар, ПМПК-ның балалармен сабақ өткізбейтін, тек диагностика жасайтын мамандары санаты үшін қосымша ақы алады.
ЖАУАП: психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) арнайы білім беру ұйымдарының бір түрі болып табылады, ол арнайы түзету топтық, шағын топтық және жеке дамыту бағдарламаларын іске асырады және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін құрылады.
ППТК дефектологтары, логопедтері, психологтары мен ЕДШ нұсқаушыларының қызметі ҚР келесі нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 «Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері» бұйрығына 7-қосымша;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66. «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары»; бұйрығына 9-қосымша;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №539 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын, техникалық, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы.
Білім беру ұйымдары педагогтарының еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде жүргізіледі.
Осы Қаулының 1-қосымшасында педагогтардың лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша жіктеу ашып көрсетілген, мұнда мұғалімдердің лауазымдары тиісті санаттары бойынша бөлінген және оған байланысты педагогтың лазаузымдық жалақысын есептеу үшін түзету коэффициенттері қойылған. Қаулы барлығына бірдей және азаматтық қызметте жұмыс істейтін педагогтар жалақыны бірыңғай алады, тек қызметкердің өтілі мен педагог санатында ғана айырмашылық бар, сондай-ақ құжатта үстемеақылар айтылады. Арнайы білім беру бар ұйымдарында мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс үшін БЛЖ (базалық лауазымдық жалақысының) 40% мөлшерінде үстемеақы бар, ол барлығы үшін бірыңғай.