Ақпараттық талдау және қамтамасыз ету бөлімі (АТҚБ) АИБД ҰҒПО-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. АТҚБ жұмысы 004 «Мектепте сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі.
АТҚБ меңгерушісі Анар Амантаевна Назарбаева
Бөлімнің негізгі мақсаты ҚР «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңын жүзеге асыруда арнайы білім беру ұйымдарына ақпараттық-талдау және оқу-әдістемелік қолдау көрсету; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнайы білім беру жүйесі бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі тапсырысын орындау; АИБД ҰҒПО барлық құрылымдық бөлімшелеріне техникалық және ақпараттық қолдау көрсетуді жүзеге асыру болып табылады.
Ақпараттық талдау және қамтамасыз ету бөлімі қызметінің бағыттары
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың арнайы білім алу қажеттіліктерін зерттеу және талдау;
- арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыруды, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талдау;
- арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін жабдықтау жағдайын зерттеу және қосалқы технологияларды енгізу;
- ерекше білім беру қажеттігі бар балаларға білім беруде ақпараттық және қосалқы технологияларды қолдану тиімділігін талдау;
- білім берудің және ерекше білім беру қажеттігі бар балаларды түзеу арқылы қолдаудың негізгі аспектілері бойынша мониторинг жүргізу, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттігі бар балаларға түзету көмегін көрсететін ұйымдар желісін есепке алу және даму қарқыны;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша әдістемелік лекциялар әзірлеу;
- БҒМ, өңірлік білім басқармаларымен, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет.
Ақпараттық талдау және қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыру жұмысы
АТҚБ жұмысты секторлық айқындама бойынша жүзеге асырады:
Мониторинг және статистика секторы
- арнайы білім беру қызметтерінің сапасын талдау;
- арнайы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талдау;
- арнайы және инклюзивті білім беруді ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету әдіснамасын әзірлеу;
- ерекше білім берілуіне қажеттігі бар балаларға білім берудің және оларды түзеу арқылы қолдаудың негізгі аспектілері бойынша мониторингтер;
- ақпараттық коммуникативтік технологияларды зерттеу және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту практикасына енгізу;
- арнайы білім беру ұйымдары желісін есепке алу және даму қарқыны;
- халықаралық, республикалық семинарлар мен конференцияларды дайындауға және өткізуге қатысу;
- ҰБДҚ-мен жұмыс;
Ақпараттық-техникалық қолдау секторы
- серверлерді, компьютерлер мен оргтехниканы орнату және қызмет көрсету; операциялық жүйелерді, кеңселік және вирусқа қарсы бағдарламаларды орнату және қалыпты жұмыс істеуін қолдау;
- компанияның корпоративтік деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- АИБД ҰҒПО сайтына техникалық және ақпараттық қолдау көрсету;
- форматтардың тиісті техникалық ерекшеліктерін пайдалана отырып, ерекше білім беру қажеттігі бар балаларға арналған оқулықтар мен ОӘК орналастыру;
- баспасөз конференцияларын, брифингтер, «дөңгелек үстелдер», басшылықтың қатысуымен кездесулер ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерге сапарлармен шығатын ресми делегацияны ақпараттық қолдау;
- ерекше білім беру қажеттігі бар балалармен өз қызметін жүзеге асыратын ҒӨБ-мен өзара қатынас құру;
- АИБД ҰҒПО брендін әлеуметтік желілерде алға жылжыту, жазылушылармен екі жақты байланыс;
Полиграфиялық қызметтер секторы
- қажетті әдістемелік, оқу, ғылыми, анықтамалық және өзге де әдебиеттердің таралымын көбейтуді қамтамасыз ету;
- АИБД ҰҒПО және оның құрылымдық бөлімшелерінің өнімге деген өтінімдерін орындау;
- өнімді көркем және техникалық ресімдеу сапасын бақылауды жүзеге асыру;
- аз тиражды және аз көлемді басылымдар бойынша баспа, кітапша-түптеу жұмыстарын орындау;
- көшіру, сканерлеу, тігу және кітапша түптеу бойынша қызметтер.
Біздің мекенжайымыз: 050008, Алматы қ., Байзақов к-сі, 273 «А», оф.217
Байланыс телефоны: 8(727) 394 46 72., oimo-nnpckp@mail.ru