Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мен оңалту орталығы жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балалармен түзете жұмыс жасауда байланыс жасаудың балама жүйесін пайдалану

  • 08.05.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 7

Әдістемелік нұсқаулық сөйлемейтін балалардың сөйлеу қызметін тиімді дамытуға ықпал ететін технология ретіндегі коммуникацияның балама жүйесінің мәселелеріне арналған, ол білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларды қоғамға қосуды жеңілдету және оларды әріде әлеуметтендіру болып табылады. 
     Әдістемелік нұсқаулықта білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау үрдісіндегі балама байланыс жасау жүйесін пайдалану мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиетке теоретикалық талдау жасауды қарастырады. 
     Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау үрдісіне қатысушылардың барлығын байланыс жасаудың балама жүйесін қолдану бағдарламасына қосудың тәсілдерін зерттеу үрдісінде жанұялық-орталықтық және пәнаралық тәсілдер қоданылды. Авторлардың зерттеу нәтижесінде білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балалардың ұйымдастырылған жекелей және топтық қызметінде байланыс жасаудың балама жүйесін пайдалану үшін қажет болатын педагогтың құзырлықтары ұсынылған. 
     Зерттеу қорытындылары баланың жекелей білім алу бағытын жоспарлау кезінде сонымен қатар білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие баланы түзете дамытудағы байланыс жасаудың балама жүйесін пайдалану қажеттілігі мен мүмкіндігі туралы шешім қабылдау кезінде қолданылуы мүмкін. 
     Қосымшада түзете дамыту қызметі кезіндегі байланыс жасаудың балама жүйесін пайдалану бойынша жекелей бағдарламаларды жасаудың әзірлемелері, қазақ тілінде оқитын балалар тобына арналған «Көркем әдебиет», «Қоршаған ортамен танысу» бөлімдері бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жүзеге асыруға арналған каточка үлгілері қамтылған. 
     Әдістемелік нұсқаулық өз қажеттіліктері мен ойын жеткізуде сөйлей алмайтын балаларды сөйлеуге үйрету мен дамыту аумағында жұмыс жасайтын мамандарға көмектеседі. 
 
Джангельдинова З.Б., Баймуханова М.Е., Шевченко Ю.В. 2019 жыл