Арнайы мектеп-интернаттардың тәрбиешілері, дефектолог-педагогтары мен тифлопедагогтеріне арналған біліктілікті курсы

  • 30.07.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 10

8 шілде күні «АИБД ҰҒПО» РММ базасында көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың тәрбиешілері, дефектолог-педагогтары мен тифлопедагогтеріне арналған «Көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларды оқыту мен әлеуметтендірудегі тифлопедагогтің заманауи технологиялары мен жұмыс әдістері» тақырыбында курс басталды.
 
✅Білім беру бағдарламасы арнайы білім беру ұйымдары жағдайында көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларды оқыту мен әлеуметтендіру сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді қамтиды. Бағдарлама арнайы білім берудің заманауи тәсілдеріне негізделген және көру қабілетінің әртүрлі бұзылыс түрлері бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
 
Бағдарламаның маңызды ерекшелігі – тифлопедагогтің жұмысындағы инновациялық технологияларды, арнайы әдістемелерді және тиімді тәжірибелерді біріктіру. Сондай-ақ білім беру үдерісін дараландыруға, бейімделген орта қалыптастыруға, цифрлық және техникалық оқыту құралдарын қолдануға, білім алушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.