Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығына (Орталық) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова жұмыс сапарымен келді
Бүгін, 2025 жылғы 17 шілдеде, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығына (Орталық) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова жұмыс сапарымен келді.
✍Сапар барысында Майра Тұрғанбайқызы Орталық ұжымына жаңа директор – Лаура Асқарқызы Бутабаеваны таныстырды.
Лаура Асқарқызы инклюзивті білім беру саласында айтарлықтай тәжірибеге ие.
Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Дефектология» мамандығы бойынша білім алған. Польша Республикасы, Варшава қаласындағы М.Гжегожевская атындағы Арнайы педагогика академиясында білім беру саласындағы әлеуметтік ғылымдар докторы (Ph.D) дәрежесін алған. Педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының иегері.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласындағы «Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған №137 бөбекжай балалар бақшасында» сурдопедагог ретінде бастаған. 2012-2021 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-де аға оқытушы, бөлім жетекшісі, Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. 2021–2023 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Инклюзивті білім беру орталығының директоры, 2023 жылдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры болды.
Бұл лауазымда Лаура Асқарқызы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау бағдарламаларын, әдістемелік ұсынымдарды, нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуді қоса алғанда, елдегі инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға белсене қатысты.
Лаура Асқарқызын Орталықтың директоры лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз және оған осы маңызды миссияда жемісті жұмыс пен зор табыстар тілейміз!
@oqu_agartu_ministrligi