Арнайы мектеп-интернаттардың тәрбиешілері, тифлопедагогтары мен педагогтері біліктілігін арттырды
18 шілде күні «АИБД ҰҒПО» РММ-да көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың тәрбиешілері, тифлопедагогтары мен педагогтеріне арналған «Көру қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен әлеуметтендірудегі тифлопедагог жұмысының заманауи технологиялары мен әдістері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Бағдарламаның негізгі ерекшелігі – көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған қолжетімді әрі бейімделген білім беру ортасын құруға бағытталған инновациялық технологияларды, арнайы әдістемелер мен тиімді тәжірибелерді кіріктіру.
Курс барысында тыңдаушылар:
• білім беру үрдісінде жеке ықпал ету қағидаттарын;
• цифрлық және тифлотехникалық оқыту құралдарын қолдану тәсілдерін;
• оқушылардың әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамыту жолдарын;
• оқу материалдарын бейімдеу мен пәнаралық өзара әрекеттесу әдістерін меңгерді.
✅Оқу нәтижесінде мамандар көру қабілеті зақымдалған балаларды қолдау саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттырып, әрбір балаға арналған жеке білім беру траекториясын тиімді құруға дайын.