Тамыз кеңесі
АНОНС
«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тамыз конференциясының аясында «Кедергісіз білім беру: сапа мен қолжетімділік» атты панельдік секциясы өтеді.
14 тамыз 2025 жыл
Басталуы: сағат 10:00
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Білім беру басқармаларының мамандары мен әдістемелік орталық әдіскерлері, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, үкіметтік емес ұйымдары қатысады. Панельдік секцияда инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер, аймақтық тәжірибе мен инновациялық шешімдер талқыланады.
-Шара барысында «E-ымдау» мобильді қосымшасының таныстырылымы мен әдістемелік көрме өтеді.
-Инклюзивті білім беру бойынша бейнеролик ұсынылады.
-Тікелей эфир specialedu.kz Instagram парақшасында жүргізіледі.