ПМПК дегеніміз не?

  • 11.04.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 926

ПМПК - психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес. Оның құрамына медицина және педагогика мамандары кіреді. Олар: педагог-психолог, мұғалім-логопед, педагог-дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог, әлеуметтік педагог, дәрігер невропатолог, дәрігер психиатр; кейде басқада мамандар қатары.
 
Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің (ПМПК) негізгі қызметі - 0-ден 18 жасқа дейінгі дамуында әртүрлі бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдерді кешенді тексеруден өткізу. 
ПМПК балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін айқындайды, оларды жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдарында: психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, арнайы балабақшалар (бұзылысына қарай), арнайы мектеп-интернаттары (бұзылысына қарай), аутизм орталықтары, оңалту орталықтарына қанағаттандыру жөнінде ұсыныстар жасайды;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаға арналған білім беру бағдарламасының түрін белгілейді; Балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсетеді.  
 
Ата-аналар диагностикалық кеңес беру бөліміне өзінің бастамасы бойынша немесе дәрігерлер мен педагогтардың жолдамасы бойынша жүгіне алады.