Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу дамыту үшін ата-аналарға арналған практикалық көмек

  • 29.01.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 108

2025 жылдың 29 қаңтарында “Ата-аналар академиясы” атты жоба басталды. Бұл жоба ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелерінде ата-аналарға практикалық көмек көрсетуге бағытталған.
 
Жобаның бірінші күні ерте жастағы балалар мен олардың отбасыларын қолдау мәселелеріне арналды.
 
Логопед Мергалиева Т.Е. ата-аналарға ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің дамуы туралы айтып, сөйлеу тілін дамытуға арналған логопедиялық жаттығулармен таныстырды. Бұл жаттығуларды күнделікті өмір жағдайында орындау тиімді жаттығулар:
 • Артикуляциялық гимнастика;
 • Сөйлеу тынысын дамыту;
 • Есту назарын дамыту;
 • Ұсақ және жалпы моториканы дамыту;
 • Сөйлеуді түсінуді дамыту және т.б.
 
Сурдопедагог-дефектолог Достай А.К. ата-аналарға ерте жастан маман көмегіне жүгінудің маңыздылығын және баланың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларының қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Сондай-ақ, бұл дағдыларды қалыптастырудың негізгі шарттары мен талаптарымен таныстырды:
 • Біртіндеп үйрету;
 • Позитивті көзқарас;
 • Жеке ерекшеліктерді ескеру;
 • Қауіпсіздік.
 
Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларының даму кезеңдері туралы ақпарат берілді. 
Кездесу қызықты, мазмұнды өтті және ата-аналармен өзара диалог орнатылды