Арнайы білім беру ұйымдарының емдік дене шынықтыру нұсқаушыларына, мұғалімдеріне арналған «Балалардың қимыл-қозғалыс бұзылыстарын кешенді оңалту әдістері» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарыныңбілім беру бағдарламасы

  • 15.04.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 303

1. Жалпы ережелер

1. «Балалардың қимыл-қозғалыс бұзылыстарын кешенді оңалту әдістері» бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) арнайы білім беру ұйымдарының емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, дене шынықтыру мұғалімдері үшін ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №175 бұйрығымен бекітілген педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу келісу және бекіту қағидалары.

Бағдарламаны ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ әзірледі және НҚА талдауы негізінде дене шынықтыру мұғалімдерін, арнайы білім беру ұйымдарының ЕДШ нұсқаушыларын біліктілікті арттыру курстарында оқытуды регламенттейді (бұдан әрі – қағидат).

Бағдарламаның қағидаты ППТК мен ОО-да білім беру практикасы жағдайында ЕДШ нұсқаушылары мен дене шынықтыру мұғалімдерін оқыту болып табылады.

ЕДШ нұсқаушысы мен дене шынықтыру мұғалімдерінің қызметтері өте маңызды. ЕДШ нұсқаушысы/ДШ мұғалімінің педагогикалық қызметінің міндеттері ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беру процесіне қатысуға көмектесу, қозғалыс белсенділігін дамыту, спорттық ойындар арқылы құрдастарымен барабар қарым-қатынас орнатуға үйрету, олардың мінез-құлқының ерекшеліктерін реттеу. Оқу орындарының штаттық кестесіне ЕДШ нұсқаушысын/ДШ мұғалімін енгізу ерекше білім беру қажеттіліктері бар көптеген балалар мен мүгедек балалар үшін сапалы білім алудың өзекті қажеттілігі болып табылады. Қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін ЕДШ нұсқаушысы/ДШ мұғалімі дамудың маңызды буындарының бірін алады.

2. Біліктілікті арттыру курстарының мақсаты тыңдаушыларды қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған түзету кабинеттері мен мектеп-интернаттарында ерекше қозғалыс қажеттіліктері бар балаларды кешенді оңалтудың әдіснамалық, технологиялық және әдістемелік білімдері мен дағдыларына оқыту болып табылады.

3. Курстық оқудың ұзақтығы 72 сағатты, 9 күнді құрайды, оның әрқайсысына күніне 2 сағаттан 4 сабақ кіреді, 2 сабақ дәріс материалдары және 2 практикалық жаттығулар емдік дене шынықтыру залында (8 академиялық сағат). Курстық cабақтардың мазмұны мен құрылымы осы Бағдарламаның 1 және 2 қосымшаларына сәйкес оқу жоспарында келтіріледі.