«Қарым-қатынас жасауда және әлеуметтік өзара әрекеттесуде бұзылыстары немесе қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

  • 05.10.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 182

Жалпы ережелер

1. «Аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимыл бұзылыстары бар (бұл аутизм диагнозына сәйкес келеді) балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының мамандарын оқытуды регламенттейді.

2. Бағдарлама арнауйы білім беру ұйымдары педагогтерінің педагогикалық практикасына қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимыл бұзылыстары бар балаларға білім беру кеңістігіне қосу үшін тиімді түзету-дамытушылық көмек көрсету үшін ғылыми дәлелденген тәсілдерді енгізуге бағытталған.

3. Курстық оқу ұзақтығы 9 күнді құрайды, олардың әрқайсысы күніне 2 сағаттан (8 академиялық сағат) 4 сабақтан тұрады. Сабақтың мазмұны осы Бағдарламаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес оқу жоспарында ұсынылған.