Ибатова Гаухар Биржановна

  • 05.04.2021
  • ННПЦ РСИО
  • 625

 

Арнайы педагогика бойынша философия докторы (PhD)

Білім және ғылым жолы:

1986-1991 жж. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің  дефектология факультеті «Олигофренопедагогика, қосымша логопедия» мамандығы бойынша жоғары білім алған;

2011-2013 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 6М010500 - «Дефектология» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін алған;

2015-2018жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 6D010500-«Дефектология» мамандығы бойынша (мемлекеттік грант негізінде білім алған) докторантурасын бітірген.

          Еңбек жолы:

1987-2005жж. Алматы қаласы, Совет ауданы «№335 «Ертөстік» балалар бақшасы» МКҚК- жоғары біліктілік санатты жоғары деңгейдегі мұғалім-логопед;

2003-2011жж. Алматы қаласы Білім басқармасы «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №66 бөбекжай-бақшасы» - ММ жоғары біліктілік санатты жоғары деңгейдегі мұғалім-логопед (қос қызметте);

2005ж.-  бүгінгі күнге дейін- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты «Арнайы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, PhD.

2006ж. - бүгінгі күнге дейін  - «АИБД ҰҒПО» РММ Қазақ тілінде оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы және  инклюзивті білім беру зертханасының аға ғылыми қызметкері (қос қызметте).

           Ибатова Гаухар Биржановнаның 100-ден астам ғылыми зерттеу еңбектері, оның ішінде авторлар ұжымымен, профессор Қ.ҚӨмірбекованың жетекшілігімен ЖОО студенттеріне арналған «Логопедия» оқулығы, монография, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсынымдар мен мақалалар жарық көрген.

          Біліктілік арттыру курстар кураторы және дәріс беруші: «Арнайы және инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ (республикалық мемлекеттік мекеме) ұйымдастыратын арнайы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының кураторы және дәріс берушісі болып табылады.

          Гаухар Биржановна тіл кемшіліктері бар мектепке дейінгі арнайы түзеу мекемелерінің логопедтеріне арналған  «Сөйлеу тілі жалпы дамымаған мектепке дейінгі жастағы балалармен логопедия жұмысының мазмұны» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасының авторы (авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді еңгізу туралы №14567 куәлікпен 20 қаңтар 2022ж. расталған.)

          Типтік оқу бағдарламаларының құрастырушысы:

Ибатова Г.Б. ҚР БжҒМ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА тапсырысы бойынша бірнеше типтік оқу бағдарламаларының құрастырушысы, оның ішінде:

1) Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0 сыныбы үшін «Әліппе. Ана тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы, 2021ж.;

2) Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1 сыныбы үшін «Әліппе. Ана тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы, 2021ж.;

3) Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Тіл дамуының кемшіліктерін түзету» пәнінен типтік оқу бағдарламасы, 2021ж.;

4) Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін  «Тіл дамыту және қатынас» пәнінен типтік оқу бағдарламасы, 2022ж.;

5) Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Тіл дамуының кемшіліктерін түзету» пәнінен типтік оқу бағдарламасы, 2022ж.

Байзаков көш. 273 А, 8(727) 394-85-13

ibatova_g@mail.ru.  87051708869