Бала тілі-бал. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздігі

  • 08.02.2021
  • ННПЦ РСИО
  • 240

«Бала тілі - бал» сөздігін құрастыру барысында бала тіліндегі ерекше мысал үлгілері жазылып алынды. Алынған мысалдар баланың қоршаған ортасымен, отбасымен, туыстық жақындармен тілдік байланыс орнату кезінде айтылған мысалдары. Шағын мысалдар жағдаяттар барысында баланың тығырықтан шығу үшін қолданған тәсілі ретіндегі мысалдары, психологиялық жағдаяттарға сәйкес туындаған мысалдар қатары екенін бақылауға болады. Мысалдар диалог түрінде даярланды. Баланың ойын оқырман түсінетіндей құрастырылып, қолданған сөздік материалының да мағынасы ашылуына көңіл бөлінді. Сөздік 2,5-6 жасар балалардың тұрмыстық өмірінен, балабақша өмірінен, қонаққа бару сәті, ата-анасымен қарым-қатынасы, ата-апасы, аға, әпкесімен болған т.б. шағын әңгіме, екеуара диалог түріндегі сипатта ой өрбіді. Бүгінгі күнге дейін дайын сөздіктер саны - 200 мысалды құрады. Бала тіліндегі сөздіктердің бірқатары табиғат құбылыстары, қоршаған орта ұғымдарына да негізделген. Сөздік мектепке дейінгі мекемелердің әдіскерлері мен тәрбиешілері, психологтары мен ата-аналары, баланың сөйлеу тілінің дамуына, белсенділігіне мүдделі барлық тұлғаларға пайдалы болады деп сенеміз.