Онтогенез барысында ана тілі жүйесінің қалыптасуы: монография

  • 08.02.2021
  • ННПЦ РСИО
  • 243

Монографияда қазақ тілінде оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру зертханасының ғылыми қызметкерлері ұжымының ерте және мектепке дейінгі жастағы қазақ тілді балалардың ана тілінің даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттеу бағытындағы ғылыми ізденістерінің нәтижелері берілген. Сондай-ақ ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың ана тілін меңгеру үдерісін зерттеудің тиімді жолдары айқындалды. Монографияда сөйлеу тілі онтогенезінің лингвистикалық және психологиялық негіздері мен дамуы, ерте және мектепке дейінгі қазақ тілді балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық жүйесін, сөз қорын, грамматикалық құрылымдардың кейбір аспектілерін онтогенез барысында меңгеруін анықтауға бағытталған зерттеу нәтижелері қарастырылды. Аталмыш еңбек тіл саласында зерттеумен айналысатын ізденушілерге, магистранттарға, докторанттарға және практик мамандарға: логопедтер мен психологтарға, ата-аналарға пайдалы болады деген сенімдеміз.