Сөйлеу тілі онтогенезі барысында ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері

  • 08.02.2020
  • ННПЦ РСИО
  • 196

Әдістемелік ұсынымдарда ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілі онтогенезінің дамуы, баланың жас ерекшелігіне сәйкес сөйлеу тілінің әртүрлі жақтарының (фонетика, сөздік қоры, грамматикалық құрылымы және бай ланыстырып сөйлеуі) ерекшеліктері сипатталған. Аталмыш әдістемелік ұсынымдар практикалық қызметкерлердің жұмыстарына, студенттер мен магистранттарға әртүрлі жастағы мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тіліне қатысты зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізуде таптырмас құрал бо лып табылады. Әдістемелік ұсынымдар мектепке дейінгі мекемелердің әдіскерлері мен тәрбиешілері, психологтары мен ата-аналары, баланың сөйлеу тілінің дамуы мен, белсенділігіне мүдделі барлық тұлғаларға пайдалы болады деген сенімдеміз.