Аутизмі балаларға арналған арнайы дамыту бағдарламасы

  • 08.02.2020
  • ННПЦ РСИО
  • 283

Бағдарлама аутистік бұзылымдары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін оңалту орталықтарының, түзету кабинеттерінің, арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының психологтарына арналған. Бағдарламаны ата-аналарды аутизмі бар баламен дамытушылық жұмысқа тарту мақсатында да қолдануға болады. Бағдарлама материалдары арнайы педагогика және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу факультеттерінің студенттерін даярлау барысында, сондай-ақ білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында және т. б. кеңінен қолданылуы мүмкін.