Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жағдайында ерекше білім беру қажеттігі бар балалармен жұмысты ұйымдастыру
Әдістемелік нұсқаулықтарда Қазақстан Республикасындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметтеріне оқиғалық талдау, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметтерін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға шолу берілген, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері тиімділігінің өлшемдері, сәйкестендіргіштері және көрсеткіштері сипатталған. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің (ППТК) мақсаттары, міндеттері көрсетілген.
Әдістемелік нұсқаулықтарда ППТК мамандары жұмысының мазмұнына қойылатын талаптар ашып көрсетілген. ППТК мамандары қызметінің негізгі аспектілерінң бірі бірыңғай түзеу процесіне біріктірілген түрлі сала мамандарының бірлескен, өзара байланысты жұмысын қарастыратын ерекше білім беру қажеттігі бар балаларға кешенді түзеу көмегін көрсету болып табылады. Көмек мультидисциплинарлық өзара әрекет шеңберінде жүзеге асырылуға тиіс. Түрлі саладағы мамандар тобының баланың психикалық-дене дамуының күйін бірлесіп бағалауынан басқа аса өнімді нысан біріктірілген сабақтарды бірлесіп өткізу болып табылады.
Әдістемелік нұсқаулықтарда ППТК жағдайында жұмыстың аса тиімді бағыты ретіндегі біріктірілген сабақтың мәні мен мәнділігі ашып көрсетілген, оның шеңберінде мамандар мен балалардың тығыз байланысы іске асырылады, бірнеше міндет бір уақытта шешіледі. Осылайша балалардың бар бұзылымдарын еңсеруде кешенді тәсіл жүзеге асырылады.
Әдістемелік нұсқаулықтарда біріктірілген сабақтың үлгі құрылымы, мамандардың біріктірілген сабақ жағдайындағы өзара әрекет сызбасы берілген.
«Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жағдайында ерекше білім беру қажеттігі бар балалармен жұмысты ұйымдастыру» әдістемелік нұсқаулықтары ППТК мамандарына, ерекше білім беру қажеттігі бар балалармен түзеу жұмысын іске асыратын тәжірибешілерге арналған.
Оразаева Г.С., Нурушева Г.А., 2019 жыл