Осы әдістемелік нұсқаулық білім беру ұйымдарында ымдау тілін қолдану туралы нұсқаулықтардан тұрады. Онда ымдау тілінің ерекшелігі ашып көрсетіледі, оны жүзеге асыру тәсілдері мен айқындамалары, нұсқалары мен талаптары сипатталады, естімейтін балаларды дамытуда, тәрбиелеуде және оқытуда ымдау тілінің ана тілі ретіндегі рөлі негіздемеленген, білім беру ұйымдарында ымдау тілін қолданудың стратегиялық аспектілері және талаптары анықталған. Нұсқаулық нашар еститін балаларға арналған арнайы балалар бақшаларының және мектептердің педагогикалық қызметкерлеріне, жалпы білім беретін ұйымдарға біріктірілген естімейтін балаларды оқытуды және тәрбиелеуді іске асыратын мұғалімдер мен тәрбиешілерге, орта және жоғары кәсіби білім беру оқу орындарының, оның ішінде сурдопедагогтар мен мамандарын дайындайтын білім басқармасы органдарының оқытушыларына, сондай-ақ нашар еститін балалардың ата-аналарына арналған.