Аталмыш әдістемелік нұсқаулық денсаулық жағдайына қарамастан өзектілігі болашақ бірінші сынып оқушыларын тең дәрежеде алғашқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталатын мектепалды дайындық сыныптарының өсіп келе жатқан рөлін ашып көрсетеді. Барлық балалар, олардың арасында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар да, мектепалды дайындықтан өтуі керек.
Әдістемелік нұсқаулықта білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беретін ұйымдарда оқуға дайындық деңгейлерінің өлшеуіштерін дайындау талпынысы жасалған. Осы мақсатқа жету үшін осы санаттағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту нәтижелерінің мектепалды дайындық сыныбының оқу бағдарламасына сәйкестік деңгейін анықтаудың тиімді амалдары ұсынылады.
Ұсынымдардың мазмұны білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың мектепте оқуға психологиялық тұрғыдан дайындығы, оларды зерттеу көрсеткіштері, мектепке дайындық деңгейлерін өлшеуге әдістемелік тәсілдердің негізгі құрамдас бөліктері туралы қысқаша ақпаратты құрап, мектепалды дайындық сыныбының оқу бағдарламасын меңгерудегі есептермен таныстырады.
Материалдың біразы баланың белгілі бір тақырыпты меңгеру барысындағы әрекеттерін сипаттауға арналған. Оқу пәндері мен білім беру салалары деңгейінде осындай әрекеттерді бағалау баланың жалпы білім беретін мектепке дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік нұсқаулық «Мектепте сапалы білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз ету» атты № 099 бюджеттік бағдарлама («Орта білім беру саласын әдістемелік қамтамасыз ету» атты № 102 шағын бағдарлама) аумағында құрылған және жалпы білім беретін ұйымдардың педагогтары мен тәрбиешілеріне білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың мектепалды жеке бағдарламаларын дайындауға көмекші құрал ретінде арналған.
Баймуратова А.Т., 2018 жыл