Арнайы мектеп-интернат-колледж жағдайында ақыл-ойы қалық тұлғаларды кәсіби-еңбекке дайындаудың әдістемелік негіздері

  • 14.05.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 28

 
     Әдістемелік нұсқаулық білім беру үрдісін ұйымдастырудың, арнайы мектеп-интернат құрылымындағы колледждердегі топтарда оқитын ақыл-ойы қалық тұлғаларды оқыту әдісі мен оқу-бағдарламалық қамтамасыздандыру әзірлемелерінің  ерекшеліктерін ашады.  
Ақыл-ойы қалық жасөсіпірімдерді кәсіби білім беру жүйесіне қосу олардың кәсіби білім беру бағдарламаларын сәтті игерудің белгілі бір жағдайларын жасауды және тұрақты жұмыс пен толыққанды өмір сүруді қамтамасыз ететін қолжетімді кәсіби еңбек дайындығын ұсынады.  
     Әдістемелік нұсқаулықта ақыл-ойы қалық тұлғалардың кәсіби білім алуының қалыптасқан нормативтік құқықтық базасына шолу жасалған, төмендегілер жататын білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін негізгі жағдайлар қарастырылған. 
1)  кәсіби дайындықтың жалғастығы мен үздіксіздігін сақтау;
2) оқытудың бейімдік дамытушы ортасы мен материалдық базасын құру;
3) арнайы оқу бағдарламаларын, оқыту әдістерін, дидактикалық материалдарды пайдалану; 
4) оқыту үрдісін әртараптандыру және жекелендіру; 
5) оқушыларды психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау; 
6) оқушылардың еңбек және оқу жетістігінің мониторингі және жекелей кәсіби-білім беру бағытын түзеу;
7) колледждегі ақыл-ойы қалық жасөсіпірімдермен жұмыс жасау үшін педагогикалық кадрларды дайындау. 
     Әдістемелік нұсқаулықтан мамандар жұмыс кадрларында жергілікті, аумақтық қажеттіліктерімен анықталатын қажеттіліктер есебімен толықтырылуы мүмкін колледждегі кәсіби еңбекке баулудың ұсынылатын профильдерінің тізімін таба алады. 
Әдістемелік нұсқаулық мектеп-интернат-колледждердің кәсіби еңбекке баулу пәндері бойынша педагогтар мен мектеп басшыларына арналған. 
Кәсіби еңбекке дайындаудың оқу жоспарын құру үрдісіне ұсыныстар және жеңіл және шектеулі түрдегі ақыл-ойы қалық оқушыларға арналған оқу жоспарының үлгілері мектеп-интернат-колледж әкімшіліктеріне ұйымдастырушылық сұрақтарды шешуіне көмектеседі. 
Оқу жұмысы жөніндегі завучтер, әдіскерлер және мектеп педагогтары көмекші құралдан оқу жоспарының пәндері бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауды, сонымен қатар жасөспірімдерде кәсіби дағдыларды қалыптастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерінің тізімін табады.
 
Айдарбекова А.А.