Сенсомоторлы түзеу әдістерін пайдаланумен мектепке дейінгі жастағы балаларды оңалту психологиялық-педагогикалық оңалту

  • 14.05.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 46

Әзірленген әдістемелік нұсқаулықтың өзектілігі білім беру ұйымдарындағы даму бұзылыстары бар балаларды оңалтудың сенсомоторлы әдістерін пайдалану тәжірибесін тарату қажеттілігімен байланысты. 
Әдістемелік нұсқаулықтың тақырыбы даму бұзылысы бар балаларды психологиялық-педагогикалық оңалтудың заманауи тәсілдерінің өзекті бағыттарына сәйкес келеді. Онда Қазақстанның білім беру ұйымдарында жаңа болып табылатын балалармен түзеу-дамыта жұмыс жасаудағы сенсорлы-интегративтік тәсіл түсіндіріледі. 
      Әдістемелік нұсқаулықта балалардағы сенсомоторлы даму бұзылыстарының алдын-алудың әртүрлі тәсілдері сипатталған, әзірленген бағдарламаның теоретикалық-әдістемелік негіздері қажетінше толығымен қамтылған, сенсорлы интеграция концепциясы шеңберінде балаларды оңалтудың негізгі қағидалары берілген. Нұсқаулықтың тәжірибелік бөлігі мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлы даму мәселелерінің алдын-алу бойынша бағдарламаны қамтиды, бағдарлама әрбір деңгейде оның мазмұнын әртүрлі сенсорлы сферада берілу қолайсыздығы кезіндегі баламен жұмыс жасау сипаттамасын қамтиды.  Сенсомоторлы түзеу тәсілдері мен әдістері, оларды қолдану үрдісі жіті сипатталған, оларды өткізу технологиясына қойылатын талаптар мен ұйымдастырылған жағдайлар көрсетілген, олар психологиялық-педагогикалық оңалтудың әзірленген бағдарламасының негізділігіне растап, оны баспаға шығаруға ұсынады. 
Сенсомоторлы түзеу әдістерін пайдаланумен мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық оңалту бағдарламаларының нұсқаулықтарында берілгендер психологтардың, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен оңалту орталықтарының логопедтері, педагог-дефектологтарының түзеу-дамыту жұмыстарында қолданылады.
 
Ерсарина А.К.,  2018 жыл