Кохлеарлы имплантациядан кейін ерте жастағы балаларды әлеуметтік-педагогикалық оңалту

  • 18.05.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 44

Әзірленген әдістемелік нұсқаулықта өзектілігі әлеуметтік-педагогикалық технологияларды жетілдіру жоспарында анағұрлым тиімді болып табылатын балалардағы даму бұзылысына ерте кезден араласуды ендіру қажеттілігіне негізделген. Нұсқаулықта ерте жастағы балаларға көмек көрсетудегі замануи тәсілдер ұсынылған – сонымен қатар бала және оның отбасымен жұмыс жасау формасы. 
      Қазақстанда ерте жастағы балалармен топтық жұмыс жасауда  ата-аналарының әлеуетін белсенді түрде  пайдалану мемлекеттік ұйымдарда қолданылмайды. Сонымен қатар, оны пайдалануға байланысты ерте жастағы балаларға көмек көрсетуші арнайы білім беретін арнайы түзету ұйымдары – психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарында пайдалану қажеттіліктері қалыптасқан. 
      Кохлеарлы имплантациядан кейін баламен және оның отбасымен топтық жұмыс жасаудың тиімділігі ата-ананы баламен жұмыс жасауға белсенді түрде тарту, балаға ынталандырушы көмек беру үшін отбасы ресурстары мен ата-ана әлеуетін пайдалану маңыздылығына негізделген, өйткені кохлеарлы балаларды есту, сөйлеуін сәтті түрде оңалту тек ұдайы сөйлеу қарым-қатынасы мен отбасындағы өзара әрекет пен жүзеге асады. Әдістемелік нұсқаулықта ерте жастағы кохлеарлы имплантты балалар мен олардың ата-аналарына арналған топтық сабақтарды ұйымдастырудың негізгі әдістемелік тәсілдері түсіндірілген. Топтық сабақтар бағдарламасының негізгі қағидалары, әдістері, мақсаттары мен міндеттері және мазмұны берілген. 
      Әзірленген әдістемелік нұсқаулықтың тәжірибелік мәні оларда қамтылған балалар мен ата-аналармен топтық жұмыс жасауда қолданылатын дидактикалық ойындарға, әртүрлі әдістер, тәсілдерге негізделген. 
Әдістемелік нұсқаулықтағы ерте жастағы балалармен жұмыс жасау топтық формаларын қолдану тәжірибесінің берілуі ерте жастағы балаларға көмек беретін жалпы мамандарға: білім беру ұйымдарының сурдопедагогтарына, логопедтерге, психологтарға, дефектологтарға  пайдалы болып табылады. 
 
Ерсарина А.К., 2018 жыл