(Құрастырушылар: Баймуратова А.Т., Пашигорева И.В., 2018 ж.)
Аталмыш құралда жалпы және аралас типтегі, сөйлеу тілінде ауыр түрдегі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшаларда тәрбиеленіп, оқып жатқан кохлеарлы импланты бар балаларды психолого-педагогикалық қолдау барысында жеке бағдарламаны жасаудың негізгі талаптары көрініс тапқан. Бағдарлама балаға кохлеарлы имплантациядан кейін есту мен сөйлеуді оңалтуды сатылы түрде жүргізу арқылы жалпы білім беру үдерісіне қосуды қамтамасыз етуге бағытталған, ол балалардың жалпы білім беретін мектепте оқуын жалғастыруға ықпал етеді.
Нұсқаулықта кохлеарлы импланты бар балаларды психолого-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын дайындаудың алгоритмі ұсынылып, бұл бағдарламаны жасау кезіндегі балабақша педагогтарының өзара әрекет ету алғышарттары ұсынылған.
Ұсынымдар Алматы қаласы мен Қарағанды облысындағы мектепке дейінгі ұйымдардағы бағдарламаларды апробациядан өткізу негізінде жасалған. Олар ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі білім беру Департаментінің 2017 жылдың қаңтардың 1-індегі №13039, 13092/11-3/70 ішкі бұйрығы мен 2016 жылғы ҒЗЖ шеңберінде жасалған «Кохлеарлы импланты бар мектеп жасына дейінгі балаларды психолого-педагогикалық қолдау» атты әдістемелік ұсынымның логикалық жалғасы болып табылады.
Әдістемелік нұсқаулық инклюзиялық бағыттағы мектепке дейінгі ұйымдардың логопедтері, сурдопедагогтары, психологтары, тәрбиешілері, әдіскерлеріне арналған.