«Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды дамыту жұмысында күнделікті өмір жаттығуларын қолдану» атты әдістемелік нұсқаулық

  • 18.05.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 23

(Құрастырушылар: Елисеева И.Г., Аханова Б.Б., 2017 ж.)

Әдістемелік нұсқаулықта білім алуда ерекше қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларға Монтессори-терапиясы бөлмесі жағдайында арнайы дайындалған заттық-дамытушылық ортада күнделікті өмір (тұрмыс) жаттығуларының реттілігі, мазмұны, түзете-дамытушылық бағыты және қолдану әдістері сипатталған. Педагог-дефектологтың Монтессори-терапиясы бөлмесінде өткізетін сабақтарының ұйымдастыру ерекшеліктері мен міндеттері, баланы жеке және топтық сабақтарға енгізу көрсеткіштері анық жазылған.

Педагогтарға көмек ретінде жеке және топтық сабақтардың технологиялық карталары, Монтессори-терапиясы бөлмесінде өткізілетін топтық бағалау кезіндегі бақылау көрсеткіштері, сонымен қатар топтық бағалаудың хаттама үлгісі мен стенограммасы ұсынылған.