(Құрастырушылар: Завалишина О.В., Халыкова Б.С., 2017 ж.)
Әдістемелік нұсқаулықта ақыл-ой бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық» білім салаларын меңгерудің мониторингтік көрсеткіштері (индикторлары) жүйесі ұсынылған. Деңгейлік мақсатқа сәйкес білім беру салалары бойынша жобалы диагностикалық (бақылау) тапсырмалары ұсынылады.
Ұсынылатын мониторингтік индикаторлардың жүйесі ақыл-ой бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балаларды түзете-дамыта оқыту үдерісі және жеке дамыту бағдарламаларын дайындау барысында олардың толыққанды даму деңгейін бақылау мен зерттеуге арналған әдістемелік құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Балалардың қол жеткізген жетістіктер деңгейлерінің негізделуі түзете-дамыта оқыту үдерісі барысындағы баланың даму өзгерістерін бақылап, оның жеке даму жоспарын құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталмыш құралға ие болған педагог оқу жылының белгілі бір кезеңінде балаға жекелей диагностика жасай алады.
Ақыл-ой бұзылыстары бар балалардың барлығы көрсетілген деңгейлердегі бағдарламалық материалдарды игере алмайды. Түзете-дамыту жұмыстары даму деңгейлері әртүрлі балалар тобына, сонымен қатар бір топтың ішіндегі жеке балаларға бағыттала жүзеге асуы қажет.
Әдістемелік нұсқаулық ақыл-ой бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтары: дефектолог-мұғалімдер, педагог-психологтар және тәрбиешілерге арналған