Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды үйден оқытуды ұйымдастыру

  • 05.02.2017
  • ННПЦ РСИО
  • 183

Әдістемелік нұсқаулықта білім алуда ерекше қажеттіліктері және мүгедектігі бар балаларды үйден оқытуды ұйымдастыру бойынша Қазақстанда заңды күші бар заңнамалық актілер мен нормативтік-құқықтық құжаттардың негізгі ережелерін түсіндіретін материалдар ұсынылған. Әдістемелік құрал «Мектепте сапалы білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз ету» атты № 099 бюджеттік бағдарлама («Орта білім беру саласын әдістемелік қамтамасыз ету» атты № 102 шағын бағдарлама) аумағында құрылған. Материалдар Білім Басқармалары, жалпы білім беретін және арнайы (түзету) мектептерінің педагогтары, сонымен қатар білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата аналары және педагогикалық ЖОО студенттері мен магистранттарына арналған.