Әдістемелік ұсыныстарда 0-1 сыныптағы көру қабілеті бұзылған балалардың ауызша байланыстырып сөйлеуін дамыту технологиясы ұсынылған. Технология тілдік дамуының барлық – фонетикалық, лексикалық, грамматикалық қырларын дамытуды қамтитын, өзара байланысқан міндеттерді шешуге және соның негізінде байланыстырып сөйлеуді қалыптастыруға бағытталған кешенді тұғыр негізінде құрастырылған. Ауызша байланыстырып сөйлеуді дамытуда, көрмейтін және на шар көретін балалардың сезімдік тәжірибесін байыту, мәтіннің құрылымы туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөйлем арасында байланыстың алуан түрлі құралдарын қолдану біліктілігін үйрету, қажетті лексикалық құралдарды семантикалық іріктеу, оларды дұрыс безендіру алынады. Басылым арнайы педагогика және психология саласындағы мамандарға, әлеуметтік қызметкерлерге, көру қабілетінде бұзылыстары бар балалардың ата-аналарына арналған.