Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, мүмкіндіктері шектеулі және/немесе мүгедектігі бар балалардың ата-аналарын ақпараттандыру

  • 15.05.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 1002

Әдістемелік нұсқаулық мақсатты топ балаларының құқықтарына қатысты халықаралық құжаттар, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық  актілері мен ресми құжаттарды зерттеп, зерделеуге арналған. Жұмыс барысында Қазақстандық заңнамада бар белгілі санаттағы балаларға қатысты қызмет түрлері туралы ақпарат қарастырылып, зерттелді. Автор ерте, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға түрлі ведомствалар тарапынан ұсынылатын қызметтер тізімін ұсынды.
 
Жұмысты жүзеге асыру барысында еліміздің арнайы білім беру ұйымдары, нақты айтатын болсақ ПМПК, ППТК және арнайы мектептердің әлеуметтік педагогтары мен мамандары арасында сауалнама өткізілді. Нәтижесінде нормативтік-құқықтық актілер және ресми құжаттар бойынша ақпараттық материалдар берілді. 
 
Аталмыш жұмыс нәтижелерін теориялық және практикалық бағыттағы зерттеу, зерделеу, кеңес беру және қолдау көрсету жұмыстары барысында қолдануға болады.