«Зиятында бұзылыстары бар оқушылардың білім алу маршрутын дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері (мектеп – колледж моделінің пилоттық жобасы)»

  • 15.05.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 21

Әдістемелік нұсқаулық зиятында бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектептер мен «мектеп-интернат-колледж» кешендері жағдайында кәсіби-еңбекке даярлау мәселелеріне арналады. Бірінші Тарауда мүмкіндіктері шектеулі және мүгедектігі бар тұлғаларды кәсіби еңбекке оқыту және кәсіби оңалтудың Концептуалды негіздері қарастырылған. Екінші Тарауда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық құжаттар мен отандық заңнаманың негізінде мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдер және мүгедектігі бар жастарды кәсіби бағдарлау, кәсіби-еңбекке оқыту, дайындау және оңалту мәселелері бойынша талдау жасалды. Аналитикалық жұмыс нәтижесінде мүмкіндіктері шектеулі және мүгедектігі бар тұлғаларды кәсіби-еңбекке дайындау, кәсіби оңалту, күндізгі уақытының ұйымдасуы және қауымдастық өміріне қосылуы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулардың Салыстырмалы кестесі дайындалды. Үшінші Тарау зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептер мен «мектеп-интернат-колледж» моделін жүзеге асырушы мекемелердің зиятының бұзылыстары бар оқушыларды кәсіби-еңбекке оқыту бағытындағы тәжірибесін зерттеуге арналды, мақсатты топтағы балаларға арналған арнайы мектептердегі ағымдағы жағдаятқа талдау жасалып, баға берілді. Аталмыш әдістемелік құрал зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған «мектеп-интернат-колледж» арнайы кешені сияқты жаңа құрылымды ұйымдастыруға мүдделі оқырмандар қауымына ұсынылуда.