«Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың ғылыми негізделген әдістері» айдары — ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды қолдаудың заманауи тәсілдерін жариялауға бағытталған жүйелендірілген ақпараттық-әдістемелік ресурс.
Айдардың мазмұны психология, педагогика, арнайы педагогика және сабақтас ғылыми салалардағы өзекті ғылыми зерттеулер негізінде, сондай-ақ білім беру және инклюзивті тәжірибе саласындағы нормативтік-құқықтық талаптарды ескере отырып қалыптастырылады.
Айдар аясында төмендегі мәселелер қарастырылады:
• психологиялық-педагогикалық қолдаудың ғылыми негізделген әдістері мен технологиялары;
• білім беру және түзету-дамыту үдерісін ұйымдастыру стратегиялары;
• әртүрлі білім беру жағдайларында әдістерді қолданудың практикалық тәжірибесі және олардың тиімділігін талдау.
Айдар материалдары педагог қызметкерлерге, педагог-психологтарға, арнайы педагогтарға, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің мамандарына, сондай-ақ ата-аналарға арналған.
Айдардың мақсаты
Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың дәлелді тәсілдері мен тиімді тәжірибелерін жүйелеу, жинақтау және тарату арқылы білім беру жүйесі мамандарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.
Айдардың міндеттері
• мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың заманауи ғылыми негізделген әдістерін жүйелеу және ұсыну;• білім беру және түзету-дамыту үдерісін ұйымдастырудың тиімді технологияларын талдау және сипаттау;
• мамандардың озық практикалық тәжірибесін жинақтау және тарату;
• білім беру ұйымдарына дәлелді тәжірибелерді енгізуге жәрдемдесу;
• педагогтер мен өзге де қолдау көрсету мамандарының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру;
• білім беру қатысушыларына мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, дамыту және әлеуметтік бейімдеу мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету;
• кәсіби қызметте қолдануға арналған сапалы әдістемелік материалдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету.