Әдістемелік ұсынымдар сенсорно-интегративтік тәсіл негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін білім беру және әлеуметтік қорғау жүйесінің мамандарына арналған. Әдістемелік ұсынымдар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен дамыту жұмыстарын жүргізуге ата-аналарды тарту мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Әдістемелік құрал материалдары психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік факультеттер студенттерін даярлау барысында, сондай-ақ білім беру және әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында кеңінен қолданылуы мүмкін.