Ұсынымдарда психикалық дамудың кешігуі, зияттың бұзылуы (ақыл-ойдың артта қалуы), аутизм, сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылысы, сондай-ақ балалардың психикалық дамуының басқада бұзылыстары сияқты даму бұзылыстарын дифференциалдық диагностикалаудың клиникалық және психологиялық-педагогикалық тәсілдері көрсетілген. Әдістемелік ұсынымдар психологтарға, арнайы педагогтарға, психиатрларға, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға және басқа да білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарына арналған.