ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

  • 16.06.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 44

Әдістемелік нұсқаулық ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерді кәсіби бағдарлау және кәсіби-еңбекке оқыту мәселелеріне арналған.

  Бірінші Тарауда оқушыларды кәсіби бағдарлау және кәсіби-еңбекке дайындау барысында отбасы мен мектептің өзара әрекеттесу мәселелері қарастырылған.

  Екінші Тарауда Қазақстан Республикасында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кәсіби бағдарлау, кәсіби-еңбекке дайындау және қолдау үдерістерінің құқықтық жағдайы талданған. Аналитикалық жұмыс нәтижесінде Қосымшаларда берілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары, ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларды оқуға қабылдау кезінде сұқбат жүргізу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулардың Салыстырмалы кестесі дайындалды.

  Үшінші Тарау Қазақстан Республикасында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кәсіби бағдарлау, кәсіби-еңбекке оқыту және дайындау барысында отбасы мен мектептің өзара әрекеттеріне байланысты жалпы жағдай мен туындаған мәселелерді зерттеуге арналды. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар, жасөспірімдер мен жастардың ата-аналары (заңды өкілдері) және мектептердің педагогтары мен басшылары арасында өткізілген сауалнама мен кең көлемді сұқбаттасу негізінде ағымдағы жағдаятқа талдау жасалып, баға берілді.

  Аталмыш әдістемелік құрал ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерді кәсіби бағдарлау және кәсіби-еңбекке дайындау мәселелері бойынша отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруға мүдделі оқырмандар қауымына ұсынылуда.