Тамыз конференциясы – 2025: «Кедергісіз білім беру: сапа мен қолжетімділік» республикалық панельдік секциясы

  • 14.08.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 16

2025 жылдың 14 тамызында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» Ұстаздардың тамыз конференциясы аясында «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ ұйымдастыруымен «Кедергісіз білім беру: сапа мен қолжетімділік» республикалық панельдік секциясы өтті
 
✨ Панелдік секцияда Қазақстандағы арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы өзекті мәселелер, аймақтық тәжірибе және инновациялық шешімдер талқыланды. Спикерлер мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шаралары, мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлануы мен инклюзивтілік, барлық балаларға тең қолжетімді білім беруді қамтамасыз ететін көмекші технологиялар, «Пионер+» инклюзивті шешімдерінің экожүйесі, әлеуметтік қолдау мен оңалту қызметтері, арнайы мектептерді жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмек, өңірлік кәсіптік бағдарлау тәжірибесі және «Менің болашақ мамандығым» бағдарламасы бойынша баяндамалар жасады????
 
Іс-шара барысында «E-ымдау» мобильді қосымшасының таныстырылымы мен әдістемелік көрме өткізілді, сондай-ақ инклюзивті және арнайы білім беру туралы бейнеролик көрсетілді