Республикалық Тамыз конференциясы аясында «Келешек мектептері: стратегиялық мақсаттар мен нақты нәтижелері» тақырыбында №3 панельдік секция өтті
Іс-шара барысында «Келешек мектебі» тұжырымдамасы, еліміздің орта білім беру жүйесінің даму бағыттары, оқу бағдарламаларының тиімділігін мониторингілеу, инклюзивті білім беруді жетілдіру жолдары, сондай-ақ «Maman» бағдарламасы аясындағы кәсіби бағдар беру моделін сынақтан өткізу мәселелері талқыланды.
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Лаура Бутабаева: «Инклюзивті білім берудің басты мақсаты – әрбір баланың сапалы әрі қолжетімді білім алуына жағдай жасау. Біз ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсетіп, олардың әлеуетін толық ашуға күш салуымыз керек», – деп атап өтті✨
Секция қорытындысында қатысушылар мектептерді дамытуға бағытталған ұсыныстар мен бастамаларды қарастырып, Қазақстанның орта білім беру жүйесін жаңғырту және инклюзивті оқыту тәжірибесін кеңейту бойынша пікір алмасты