Орталықта сурдопедагогтарға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

  • 26.09.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 84

2025 жылғы 22 қыркүйектен бастап Ұлттық ғылыми-практикалық арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту орталығында есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогтер мен сурдопедагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсы басталды.
 
Курс тақырыбы:
«Қазіргі білім беру ортасы жағдайында есту қабілетінің бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеудің тиімді формалары мен әдістер».
 
Бағдарламаның мақсаты – есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту, тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық қолдау саласында арнайы педагогтар мен сурдопедагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
Бағдарлама аясында қарастырылатын бағыттар:
- есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық түзете-педагогикалық тәсілдер мен технологияларды енгізу;
- сурдопедагогтардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған тәжірибеге негізделген оқытуды күшейту;
- білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес бейімделген білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын және түзету маршруттарын жобалау және іске асыру;
- балалардың тілдік, сөйлеу және есту ерекшеліктерін ескеретін заманауи диагностикалық және әдістемелік құралдарды пайдалану.
Оқыту форматы – аралас. Сабақтар Zoom платформасы, электронды пошта және өзге де интернет-ресурстар арқылы өткізіледі. Дәрістер мультимедиялық материалдармен, презентациялармен және бейнероликтермен сүйемелденеді.
Лекторлық құрам – арнайы педагогика және психология саласындағы жетекші мамандар, сондай-ақ осы бағытта ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген сурдопедагогтар.
 
Курстарға еліміздің барлық өңірлерінен келген 22 маман қатысуда. Бұл педагогикалық қауымдастықтың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге деген жоғары қызығушылығын дәлелдейді.