Сурдопедагогтер мен арнайы педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды

  • 06.10.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 68

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Қазіргі білім беру ортасы жағдайында есту қабілетінің бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеудің тиімді формалары мен әдістері» тақырыбындағы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсы өз мәресіне жетті.
Білім беру бағдарламасы орта және арнаулы білім беру ұйымдарында есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істейтін сурдопедагогтер мен арнайы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталды.
Бағдарлама аясында тыңдаушылар есту қабілеті бұзылған балаларды диагностикалау мен түзету қолдаудың заманауи әдістерін, білім беру бағдарламалары мен оқу материалдарын бейімдеу тәсілдерін, оқу үдерісінде АКТ мен цифрлық білім беру платформаларын тиімді пайдалану жолдарын, сондай-ақ пәнаралық команда құрамында білім беру процесіне қатысушылармен кәсіби өзара әрекеттесу дағдыларын меңгерді.
Тоғыз күнге созылған курс барысында қатысушылар арнайы білім берудің заманауи технологияларымен танысып, тәжірибе алмасты және түзете-дамыта оқыту жұмысының жаңа, тиімді формаларын енгізу дағдыларын жетілдірді.
Курстар арнайы педагогика және сурдопедагогика саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен өткізіліп, оқытудың жоғары деңгейі мен тәжірибелік бағыттылығын қамтамасыз етті.
Оқыту қорытындысы бойынша барлық тыңдаушылар қорытынды аттестациядан сәтті өтіп, біліктілікті арттыру туралы сертификаттармен марапатталды.
Курс барысында алынған білім мен дағдылар педагогтарға есту қабілеті бұзылған балалар үшін қолжетімді әрі тиімді білім беру ортасын құруға, олардың жеке дамуы мен әлеуметтенуін қолдауға мүмкіндік береді.