Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының психологтары мен дефектологтарына арналған біліктілікті арттыру курсы

  • 16.10.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 201

2025 жылғы 16 қазан күні Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының психологтары мен дефектологтарына арналған «Қарым-қатынас жасауда және әлеуметтік өзара әрекеттесуде бұзылыстары немесе қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
Курс бағдарламасы аутизмі бар балалармен дамыту жұмысын ұйымдастырудың жалпы стратегиясын, түрлі тактикалар мен психологиялық-педагогикалық ықпал ету әдістерін және оларды қолдануға арналған әдістемелік нұсқауларды қамтиды. 
Дәрістер барысында педагогтер аутизмі бар балаларға психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу және көмек көрсету мәселесіне қатысты заманауи ғылыми негізделген тәсілдерді қарастырды. РАС бар балалардың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, Орталық психологтары баланың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне барынша сай келетін жеке дамыту бағдарламаларының (ЖДБ) қалай әзірленетінін көрсетті.
Оқыту қорытындысы бойынша курс тыңдаушыларына біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды.