Инклюзивті білім беру бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес іске қосылды

  • 12.11.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 80

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес (РОӘК) мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуде қолданылатын инновациялық педагогикалық тәжірибелерді, оқыту технологиялары мен құралдарын сараптамалық бағалауды жүзеге асырады.
Сараптамалық бағалаудың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық педагогикалық тәжірибені, технологиялар мен құралдардың сапасы мен деңгейін айқындау болып табылады.
Құжаттарды қабылдау және өткізу тәртібі
Өтінімдер жылына төрт рет қабылданады:
1–15 қаңтар аралығында;
1–15 сәуір аралығында;
1-15 шілде аралығында;
1–15 қазан аралығында.
Материалдар Word және PDF форматында электрондық түрде төмендегі мекенжайға жіберіледі:
rums.special.edu.kz@gmail.com 
Байланыс:
+7 705 806 88 26 Чулембаева Айгерим Бауржановна
+7 771 414 14 75 Еламанова Интизар Полатовна